Головкин – Мурата жекпе-жегі қай жерде өтетіні айтылды

ESPN телеарнасының инсайдері Сальвадор Родригес қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек қайда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Prosports.kz.

«Бұл жекпе-жек Жапониядағы Tokyo Dome аренасында өтуі мүмкін», - деді Родригес.

Бұған дейін Головкин мен Муратаның командасы келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған. Мурата орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері, ал Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.