Australian Open-2021: Михаил Кукушкин әлемнің үшінші ракеткасынан ұтылды

Мельбурн қаласында «Үлкен Дулыға» санатындағы алғашқы жарыс – Australian Open-2021 турнирі басталды.

Өкінішке қарай, қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші айналымда жарысты аяқтады, деп жазды Olympic.kz. 

Қазақстан командасының мүшесі әлем теннисі үздіктерінің бірі, рейтингте үштікке енетін австриялық Доминик Тиммен кездесті. Үш сетке созылған матч 2 сағат 41 минутқа жалғасып, Михаил Кукушкин 6:7, 2:6, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Кукушкин үшін турнирдегі жекелей сын бірінші кездесуде-ақ аяқталды. 

Айта кетелік, бүгін кортқа шыққан Зарина Дияс жеңіске жетсе, Ярослава Шведова екінші айналымға өте алған жоқ.