Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына өтті

Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталуға жақын.

Бүгін кортқа шыққан қазақстандық Александр Бублик аса тартысты кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бублик бірінші кезеңде словениялық Аляж Беденемен кездескен болатын. Төрт сетке созылған матчта отандасымыз 3:1 есебімен (6:4, 7:5, 5:7, 6:4) жеңісті жұлып алды.

Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылған.

Айта кетелік, бүгін кортқа шыққан қазақстандық теннисшілер арасынан Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова жеңіліске ұшырады. Александр Бублик пен Зарина Дияс келесі айналымға өтті.