Астанада «Esil winter» шаңғы фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында шаңғы фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

14 ақпанда елорданың Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Esil winter» шаңғы фестивалі өтеді. Фестивальдің басталуы – таңғы 10:00-де. Қатысушылардың алғашқы жарысы сағат 10:15-ке жоспарланған.

«Қатысушылардың нөмірлерін алу және нұсқамадан өту үшін фестивальдің басталуына 20 минут қалғанда келуіңізді сұраймыз. Қатысушылардың жынысы мен жасына байланысты 1, 2, 3 және 5 шақырымға жүгіру жоспарланған, жас топтары мен қашықтарға бөлінеді», - делінген хабарламада.

Тіркеу 13 ақпанға дейін мына телефон бойынша жүргізіледі: 8 707 913 91 38.