«Барселона» кейінгі алты жылдағы ең мықты серия жасады

«Барселона» футболдан Испания чемпионатының 22-туры аясында «Бетисті» ұтты. Севильяда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды vesti.kz.

Осылайша, каталониялық команда сырт алаңдағы барлық ойында тоғызыншы рет жеңіске жетті, бұл 2015 жылдан бергі ең мықты серия болып отыр.

Бұл ойыннан кейін «Барселона» 43 ұпай жинап, турнир кестесіндегі екінші орынын сақтап қалды, ал «Бетис» 30 бал мен 20 команда арасында жетінші.

13 ақпанда өтетін келесі турда «Барселона» өз алаңында «Алавеспен», ал «Бетис» келесі күні сырт алаңда «Вильярреалмен» ойнайды.