Australian Open. Рыбакина ресейлік теннисшіні жеңді

Australian Open  спортшыларымыз үшін сәтті басталды. Дәл қазір әлемнің ең үздік теннисшілері Мельбурн қаласына жиналып, өзара мықтыны анықтап жатыр.

Жарыстың алғашқы күні 5 жерлесіміз жарыс алаңына шыққан. Оның үшеуі қарсыластарынан басым түсті. Атап айтқанда, Зарина Диас словениялық  Тамара Зиданшекті ұтып, екінші айналымға шықты. Ал Елена Рыбакина ресейлік теннисшіні жеңді.

Ерлер арасында қазақстандық Александр Бублик тағы бір словениялық спортшыдан басым түсті. Ал Михаил Кукушкин әлемдік рйтингтің үздік үштігіне кіретін Доминик Тиммен кездесіп, есе жіберді. Ярослова Шведова да жарыс жолын аяқтады. Ал Джокович, Надаль, Уильямс сынды басты фавориттер алғашқы кездесулерін жеңіспен аяқтады. Жарыстың жалпы қорытындысы 21 ақпанда белгілі болады.

Сондай-ақ...