414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гандболдан Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын бастады

  • 161
  • UPD: 12:04, 09.02.2021
Гандболдан Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын бастады

Гандболдан әйелдер құрама командасы Алматыда оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлады Olympic.kz.

Кезекті оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда «Достық» спорт кешенінде басталған. Жоспар бойынша құрамаға шақырту алған 23 спортшы жалпы физикалық дайындықтарын пысықтайды. Аталған жаттығу жиыны 26 ақпанға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы