419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WBC рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті

  • 151
  • UPD: 16:37, 09.02.2021
WBC рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингісі жаңартылды, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингке енді. Қазіргі уақытта ол 37-орында тұр. Бұл салмақта WBC чемпионы – конголық Илунгу Макабу.

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы (WBC ABCO белбеуінің иегері) 12-орында. Тағы бір отандасымыз Әли Ахмедов 23-орынға төмендеді. Бұл салмақтағы чемпион – мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақтың ТОП-15 тізіміне екі қазақстандық енген. Олар: Жәнібек Әлімханұлы (6-орын), Мейірім Нұрсұлтанов (15-орын). Бұл салмақта «Канелода» франчайзинг белбеуі болса, америкалық Джермалл Чарлода қарапайым чемпион атағы бар.

Бірінші орта салмақта WBC Francophone белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов 17-орынға көтерілді. Осы салмақтағы тағы бір жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет (WBC International белбеуінің иегері) 27-орында тұр. Бұл салмақтың чемпионы – америкалық Джермелл Чарло.

Жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде жалғыз қазақстандық бар. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 23-орында тұр. Бұл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі америкалық кіші Эррол Спенске тиесілі.

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев (8-орын) алғашқы ондыққа енді. Бұл салмақтағы титулдың иегері – америкалық Хосе Рамирес.

Жас боксшы Сұлтан Зәуірбек (WBC Youth белбеуінің иегері) екінші жартылай жеңіл салмақта 37-орынға жайғасқан. Бұл салмақтағы WBC титулы мексикалық Мигель Берчельтке тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы