Путинцева Австралиядағы ашық чемпионатта екінші айналымға шықты

Мельбурн қаласында Австралияның ашық чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың екінші күні қазақстандық Юлия Путинцева америкалық Слоан Стивенспен жолыққан.

Айта кету керек, кейінгісі 2017 жылғы жеңімпаз. Тарысты өткен ойын Путинцеваның жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп: 4:6, 6:2, 6:3. Бұған қоса, кеше 3 бірдей жерлесіміз келесі айналымға өткен. Енді олар бүгін тағы бақтарын сынайды. Жарыстың екінші күні Рафаэль Надаль, Стефанос Циципас, Маттео Берреттини сияқты басты фавориттер кордқа шығып, барлығы да қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Австралиядағы жарыстың жалпы қорытындысы 21 ақпанда белгілі болады.