Australian Open-2021: Кукушкин жұптық сында екінші айналымға өтті

Австралияның Мельбурн қаласында теннистен «Үлкен Дулыға» турнирінің кезекті жарыс күні өтіп жатыр.

Бүгін жұптық сында бақ сынаған Михаил Кукушкин келесі кезеңге жолдама алды, деп жазды Olympic.kz.

Кукушкин литвалық Ричардас Беранкиспен бірге Хенри Континен (Финляндия)/Эдуард Роже-Васслен (Франция) жұбына қарсы ойнаған болатын. Екі сетке жалғасқан матчта Беранкис/Кукушкин жұбы 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды. 

Айта кетелік, жекелей сында Михаил Кукушкин бірінші айналымнан аса алған жоқ. Ол әлемнің үшінші ракеткасы Доминик Тимге есе жіберді.