Grand Slam турнирінде бақ сынайтын дзюдошылар белгілі

18-20 ақпан күндері Израиль астанасы Тель-Авивте дзюдодан Grand Slam бәсекесі өтеді.

Рейтингілік турнирде қазақстандық спортшылар да бақ сынайды, деп хабарлады prosports.kz.

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Тель-Авив татамиінде белдесетін дзюдошылар тізімін атады. 

Олар:

60 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин

66 келі: Елдос Жұмақанов, Данияр Шамшаев

73 келі: Жансай Смағұлов

81 келі: Дидар Хамза, Мәди Амангелді

90 келі: Ислам Бозбаев

100 келі: Айбек Серікбаев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Әділ Оразбаев

60 келідегі Елдос Сметов пен 66 келідегі Ерлан Серікжанов Ташкенттегі додада сынға түседі.