414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан хоккейшілері Беларусь құрамасын жеңді

  • 131
  • UPD: 12:18, 11.02.2021
Қазақстан хоккейшілері Беларусь құрамасын жеңді

Дәл қазір елордада хоккейден халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан мен Беларусь командалары жолыққан еді. Кездесу 5:2 есебімен аяқталды. Ең алғашқы голды алаң иелері сапындағы Егор Петухов  соқты. Артынша 18 секунд өтпей жатып Павел Акользин есепті еселеді. Бұдан бөлек, ұлттық құрама сапындағы Әлихан Әсетов пен Кирилл Панюков та мергендігімен көзге түсті. Кейінгісі дубльдің авторы атанды. Осылайша, ұлттық құрама ұзақ үзілістен кейін өз бабында екенін дәлелдеді. Енді ертең жерлестеріміз Ресей құрамасымен кездеседі. Матч елорда уақытымен 15:00-де басталады.

***

Юлия Галышова халықаралық турнирде топ жарды

Дәл қазір американың Дир-Вэлли қаласында фрайстай-могул шеберлерінің жарысы өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы сында қазақстандық спортшы алтын жүлдегер атанды. Күмір пен қола жергілікті қыздарға бұйырды.

***

Әлемнің ең үздік биатлоншылары Словенияға жиналды

Биылғы байрақты бәсеке аралас эстафетадан басталды. Бұл сында ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Элизавета Бельченко және Галина Вишневская төрттігі қорғаған еді. Жерлестеріміз жалпы есепте 27-сатыдан табылды. Жарыс қорытындысы бойынша Норвегия бірінші, Австрия екінші орыннан көрінді. Ал Швеция құрамасы үздік үштікт түйіндеді.

Енді спортшылар жекелей және топтық бәсекелерге қатысады. Поклюка қаласындағы дүниежүзілік дода 21 ақпанға дейін жалғасады.

***

Сметов пен Серікжанов Израильдегі гранд сламға қатыспайды

Ұлттық құраманың бас бапкері бір аптадан кейін өтетін халықаралық турнир баратындар тізімін жариялады. Онда 11 спортшы бар. Әсіресе, 60 келдіде Ғұсман Қырғызбаевтан, 66 келідегі Елдос Жұмақановтан және 73 келідегі Жансай Смағұловтардан үміт зор. Ауыр салмақтарда Дидар Хамза, Ислам Бозбаев, Айбек Серікбаевтар ел намысын қорғайды. Ал, ұлттық құрама үздігі Елдос Сметов пен Ержан Серікжанов Ташкенттегі додаға дайындалып жатыр.

Айта кетейік, гранд слам бәсекелерінде рейтингтік ұпай беріледі. Соның нәтижесінде Олимпиада жолдамалары таратылады. Токиодағы жазғы ойындарға кемінде 8 қазақстандық дзюдошы қатысады деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы