Australian Open-2021: қазақстандық теннисшілер жұптық сында сүрінді

Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінде қазақстандық теннисшілер жұптық сында өнер көрсетіп, жеңіліп қалды, деп жазды Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова жұбы америкалық Хэйли Картер және бразилиялық Луиза Стефани жұбына екі сет қорытындысы бойынша есе жіберді. Есеп – 4:6, 3:6.

Айта кетелік, Шведова жекелей сынның бірінші айналымында, Рыбакина екінші кезеңде сүрінген болатын. Осылайша, екі теннисші үшін де биылғы Australian Open турнирі аяқталды.

Зарина Дияс пен Юлия Путинцева жұбы да бірінші айналымда жеңіліске ұшырады. Олар ресейлік Анна Калинская және словакиялық Виктория Кужмовадан ұтылды. Есеп – 4:6, 2:6. Дияс пен Путинцева жекелей сында үшінші айналымға өткенін естеріңізге саламыз. Қазақстан құрамасы сапынан осы екі спортшы ғана жарысты одан әрі жалғастырады.