Жалғыз жүлде: бокстан Қазақстан әйелдер командасы Венгриядағы турнирді аяқтады

Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Боскайды еске алуға арналған кезекті халықаралық турнир аяқталды.

Аталған сынға қатысқан Қазақстан командасының еншісінде бір медаль бар, деп хабарлады Olympic.kz.

57 келіде жұдырықтасқан Назым Ищанова жартылай финалда венгриялық боксшыға 2:3 есебімен жол берді. Осылайша, ол халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Дебрецен шаршы алаңына шыққан өзге қазақстандық боксшылар жүлдеге жақындай алған жоқ.

Айта кетелік, бұл бокстан Қазақстан әйелдер командасының жаңа маусымда бақ сынаған екінші ірі жарысы. Бұған дейін Ерік Алғабек шәкірттері Сербиядағы сында өнер көрсеткен болатын.