Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

4-12 наурыз аралығында Халықаралық биатлоншылар Одағы күнтізбесінде Щучинск қаласындағы жаңа биатлон базасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізу туралы мәлімет ресми түрде жарияланды, деп хабарлады Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан биатлоншылар одағы мәлімдеді. Қазақстан биатлоншылар одағы ұзақ уақыт бойы халықаралық биатлоншылар одағымен тығыз байланыста болды, осылай 2019 жылы әлем чемпионаты кезінде Қазақстан Биатлоншылар одағы президенті Ермек Әнуарбекұлы Қизатов және бас хатшы Манас Үсенов Эстерсунд қаласында Халықаралық Биатлоншылар Президенті Олле Далинмен кездесу өткізді.

Қазақстан Биатлоншылар одағы (IBU) ұзақ уақыт бойы халықаралық биатлоншылар одағымен тығыз байланыста.

2019 жылы Әлем чемпионаты кезінде ҚБО президенті Ермек Қизатов бастаған қазақстандық делегация Швецияның Эстерсунд қаласында IBU Президенті Олле Далинмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда IBU жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берілді.

«Кеше ғана техникалық комитет пен Халықаралық Биатлоншылар одағының басқарма мүшелері Щучинск қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдағанын растаймыз. Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-шара мәселелерін қолдауының арқасында Қазақстанда беделді әрі ауқымды жарыс түрі өткізудің бірегей мүмкіндігіне қолжеткізілді. Аталмыш жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен спортшылар қатысады деп күтілуде. Бұл біздің еліміз үшін биатлонды жаңа деңгейге көтерудегі тамаша мүмкіндік болып табылады», - деп бөлісті Қазақстан Биатлоншылар Одағының президенті Ермек Қизатов.

Биатлоннан Қазақстан Құрамасы жыл сайын әлем кубогы мен IBU Кубогының барлық кезеңдеріне қатысады. Биатлоннан әйелдер эстафетасының Ұлттық құрамасы Әлем кубогының VII кезеңінің қорытындысы бойынша бүгін 14-ші орында, ал команда көшбасшысы Галина Вишневская әйелдер арасындағы жеке жарыстың қорытындысы бойынша 9-шы орынға ие болып отыр.

Щучинск қаласында шаңғы-биатлон базасы 2018 жылы ашылған еді, IBU тарапынан сертификаттаудан өткен және халықаралық жарыстарды өткізу үшін «А» санатын алған толыққанды кешен болып саналады.