Бублик пен Голубев екінші айналымға шықты

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық жұп алғашқы айналымда италиялық Сальваторе Карузо және фин Эмил Руусувуори дуэтімен күш сынасты. Бірінші партия тағдыры тай-брейкте қазақстандықтардың пайдасына шешілді – 7:6 (8:6). Бублик пен Голубев екінші сетте де есесін жіберген жоқ – 7:5. Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды. Қазақстандық жұп екінші айналымда осы «Үлкен дулыға» турнирінің 1-ракеткалары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарахпен шеберлік байқасады.

Бұған дейін Зарина Дияс осы турнирдің үшінші айналымынан аса алмағанын мәлімдегенбіз.