426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» біріншілігі басталды

  • 175
  • UPD: 23:19, 12.02.2021
Елордада жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» біріншілігі басталды

Елордада жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы «Nur-Sultan Open 2021» ашық қала чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен қала әкімі Алтай Көлгінов және Олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов қатысты. Бұл жарыс жаңа кешен қабырғасында өтетін алғашқы спорттық іс-шара. Карантин талаптарына сай көрерменсіз ұйымдастырылып жатқан жарысқа еліміздің әр өңірінен 175 спортшы жиналды. Олар жеңіл атлетиканың: ядро лақтыру, жүгіру, эстафета, ұзындыққа секіру және жеңіл атлетикалық жүріс сияқты түрлерінен сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы