Бублик пен Голубев жұптық сында Австралия ашық біріншілігінің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық Александр Бублик пен Андрей Голубев Австралияның ашық біріншілігінде жұптық сында үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда қазақстандық дуэт бірінші орында тұрған колумбиялықтар Хуан Себастьян Кабал және Роберт Фарамен кездесті.

Қорытынды есеп 4:6, 4:6. Матч 1 сағат 8 минутқа созылды.