Шаңғымен жүгіру: Алматы облысында «Шығыс Еуропа құрлықтық кубогі» сарапқа салынуда

Оған 5 елден 100-ге жуық спортшы келді. Сайыпқыран саңлақтар спринт, классикалық және еркін жүгіру сынды үш бағдарлама негізінде үздіктерін анықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жарыс әлем чемпионаты мен кубогына жолдама беретін 10 кезеңнің соңғысы. Сондықтан шаңғышылар жеңіс тұғырынан көрінуге барын салып жатыр. Әзірге командалық есепте солтүстіктегі көршілеріміз көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыға отандастарымыз жайғасқан.

Айта кетейік, сайыс бүгін аяқталады. Жеңімпаздар ақпан айының аяғында Германияда өтетін дүбірлі додада бақ сынайтын болады.

Еламан Құмарбек, жарысқа қатысушы:

- Жаңбыр жауды, сондықтан трасса жұмсақ болды. Өте қиын болды. Тайқып батты. Табанына жаққан мазь ұстамады. Бірақ өзіміздің барлық күшімізді салдық.

Андрей Неврозов, жарыстың бас төрешісі:

- Әлем чемпионатына баратын Ресейдің, Қазақстанның спортшылары іріктеліп алынған. Олар қазір оқу жаттығу жиынында жүр. Бұл жерде қосалқы құрамдағылар сынға түсіп жатыр.