Алматыда шаңғы жарысынан FIS Шығыс Еуропа кубогінде еркін стильде масс-страт бойынша бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
15 қашықтық бойынша өткен додада ресейлік Лилия Васильева жеңімпаз атанды.
Қазақстандық Анна Шевченко күміспен күптелсе, ресейлік Анастасия Москаленко қоланы қанағат тұтты. Ерлер арасында 20 км қашықтықты ресейлік Иван Кириллов бірінші болып бағындырды. Оның отандастары Андрей Ларьков екінші болса, Антон Тимашов үздік үштіктен көрінді.