424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ливерпуль» чемпион кубогын тапсырады

  • 240
  • UPD: 15:28, 14.02.2021
«Ливерпуль» чемпион кубогын тапсырады фото: news.sportbox.ru

Юргенн Клопп баспасөз маслихаты кезінде өзегінің өртеніп тұрғанын байқатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті жанары жасқа шыланды. Ал, шәкірттеріне пандемия әсер етті ме, баяғы қарқынын тежеп, үзік-жұлық ойнауға үйреніп алды. Мықтылармен үзеңгі қағыстыратын команда қазір «Лестерді» ұта алмай жүр. Салах есеп ашқаннан кейін алға лап берген алаң иелері 3:1 есебімен басым түсті. Осы матчтан кейін «Ливерпуль» биыл чемпион бола алмайтыны айқындалды. Қатарынан үш турда ұтылған Юргенн Клопп шәкірттері сол үш матчта сегіз гол жіберді.

Хабар 24 телеарнасы