Шаңғымен жүгіруден Чехиядағы әлем кубогы кезеңі өтпейтін болды

Шаңғымен жарысудан Чехияның Нове-Место қаласында ұйымдастырылатын әлем кубогі кезеңі өз мерзімінде өтпейді. Бұл туралы Чехияның шаңғы спорты түрлері федерациясы хабарлады деп жазады ҰОК сайты.

Алғашында кубоктік кезең 20-21 ақпан күндеріне жоспарланған болатын. Мұндай шешім қабылдауға шаңғы спортынан әлем чемпионатын қабылдайтын Германия билігінің Чехиядан келушілерді бестен он күнге дейінгі аралықта міндетті карантинге жатқызуы себеп болып отыр.

Айта кетелік, осыған дейін шаңғымен жарысудан Норвегиядағы екі кубоктік кезең өтпейтіні белгілі болған. Бұл елдегі карантин шараларына байланысты қабылданған шешім. 

Ал шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты 22 ақпан мен 7 наурыз аралығында Германияның Оберстдорф қаласында өтеді.