Биатлоннан әлем кубогының соңғы үш кезеңі Швецияда өтеді

Биатлоннан әлем кубогының соңғы үш кезеңі Швецияның Эстерсунд қаласында өтеді, деп хабарлайды ҰОК сайты.

Бұл туралы Халықаралық биатлон одағының (IBU) баспасөз қызметі хабарлады. Әлем кубогының соңғы кезеңдері 15-21 наурызға жоспарланған. Ал Чехияның Нове-Место аймағындағы сегізінші және тоғызыншы кезең 1-14 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетелік, Норвегия коронавирусты инфекцияға байланысты шаңғы жарысы мен биатлоннан әлем кубогы кезеңдерін қабылдаудан бас тартқан болатын.