Лионель Месси клуб рекордын қайталады

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының 23-турындағы «Алавеске» қарсы матчта клуб рекордын қайталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Месси каталониялық клуб құрамында Испания чемпионатындағы 505-ші кездесуін өткізіп, осы көрсеткіш бойынша рекордшы Хави Эрнандеске жетіп отыр.

33 жастағы Месси - «Барселона» түлегі. Ол барлық турнирде 758 матч өткізіп, 651 гол соққан және 285 нәтижелі пасы тағы бар.

Сондай-ақ...