419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үстел теннисіне маңғыстаулық балалардың құлшынысы жоғары

  • 110
Үстел теннисіне маңғыстаулық балалардың құлшынысы жоғары iQ planet

Үстел теннисі – жастар арасында кең қанат жайып келе жатқан спорт түрі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында Қазақстан біріншілігінде 16-17 жастағы спортшылар топ жарып, ел чемпионы атанды. Қазір үстел теннисіне маңғыстаулық балалардың құлшынысы жоғары. Сондықтан облыстық федерацияның мұрындық болуымен Ақтау қаласында биылғы чемпиондар шеберлік сағатын өткізді. Бүгінде өңір орталығынан бөлек, шалғайда жатқан бес ауданда да үстел теннисі үйірмесі бар. Ракетка ұстаған 500-ге жуық бала бәсеке көрігін қыздырып жүр. Ендігі мақсат – ұлттық құрамаға лайықты ізбасар дайындау дейді облысық үстел теннисі федерациясының президенті Ерболат Қожабаев. Ел чемпиондары Алан Құрмағанғалиев, Әнел Бақыт және Сарвиноз Миркадирова шеберлік сағатына қатысып, жасөспірімдерді жаттығудың қыр-сырымен таныстырды. Ойын барысында қандай әдіс тәсілдер қолдану керек екенін де түсіндірді. Шеберлік сағаты аясында жастар Қазақстан чемпиондарымен сайысқа да түсті. Федерация жас шеберлерге қолдау көрсетіп, аймақта үстел теннисін серік еткендер санын арттыруды көздейді. Сонымен қатар Ақтауда республикалық жарыс өткізіп, арнайы үстел теннисі орталығын салу жоспарда тұр. Шеберлік сағатында ардагерлер де арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ерболат Қожабаев, Маңғыстау облысы үстел теннисі федерациясының президенті:

– Қандай деңгейде басқалар ойнайтынын көру керек. Сол деңгейге ұмтылу керек. Сол үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Әнел Бақыт, үстел теннисінен қазақстан чемпионы:

– Біз өте көп элементтермен бөлістік. БКМ, Ментальды жаттығу, бәрін көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы