419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Australian Open. Ашық чемпионаттың есігі қазақстандықтар үшін жабылды

  • 113
Australian Open. Ашық чемпионаттың есігі қазақстандықтар үшін жабылды

Мельбурндегі Аустралия ашық чемпионаты бүгін қазақстандықтар үшін аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі аптаға созылған карантиннен кейін, оның ішінде қатаң шектеуден шыққан жерлестеріміз көптен күткен турнирді бастап та кеткен еді, бірақ спортшыларымыздың ешқайсысы үшінші айналымнан әрі аса алған жоқ. 

Жекелей сын.

Әлемнің үшінші ракеткасы Доминик Тим біздің Михаил Кукушкиннен басым түсті.

Ярослава Шведова да алғашқы айналымнан аса алған жоқ.

Екінші айналымда Александр Бублик пен Елена Рыбакина жеңіліс тапты. Елена қыз өткен жылғы тамаша ойынын таппай жүр. 

Рас, Юлия Путинцева мен Зарина Диясқа риза болыстық. Үшінші айналымға шықты.

Жұптық сын.

Өкінішке орай, Путинцева/Дияс және Шведова/Рыбакина жұптарының турнирдің бірінші ойынында-ақ жолдары болмады.

Кукушкин литвалық Беранкиспен жұптасып, екінші айналымға шықты, бірақ одан әрі аса алған жоқ. 

Ал Андрей Голубев пен Александр Бублик жұбы үшінші ойында жарсты аяқтады.

Хабар 24 телеарнасы