Қанат Ислам 20 ақпанда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0-1, 21 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлады Prosports.kz.

Boxingscene.com мәліметінше, Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 20 ақпанда Майамиде (Флорида штаты) өткізеді. 10 раундтық кездесуде ол ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.

Ислам 2019 жылдың қазанынан бері рингке шыққан жоқ. Кейінгі жекпе-жегінде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын иеленген еді. 

Ал Ободаи Саи 2019 жылы 9 тамызда соңғы рет рингке шығып, конголық Мардочи Катембомен тең тарқасқан. 

Сондай-ақ...