417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңғы жарысынан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті

  • 101
  • UPD: 16:11, 15.02.2021
Шаңғы жарысынан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті

Финляндияның Вуокатти қаласында шаңғымен жарысудан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Аралас эстафетада Қазақстан командасы 17 құраманың ішінен 15-орынға табан тіреді, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстандықтан жеңімпаз атанған Норвегия құрамасынан 4 минут 50 секундқа қалып қойған. 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Айша Рақышева тіркеді. Ол 28-орынға табан тіреген. Елизавета Толмачева 53-ші, Мария Геращенко 57-ші орында. Мария Тиятова мәреге жете алған жоқ.

Ерлер арасында 30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қазақстандық Темірлан Рамаш 53-ші нәтижені көрсетті. Темірлан Төлегенов 60-шы, Рамиль Шамсутдинов 62-ші, Ілияс Исабек 71-ші сатыда. Ал ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 17-орынға тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы