Дана Уайт UFC тарихындағы ең үздік жекпе-жектердің бірін атады

UFC басшысы Дана Уайт UFC 258 турнирі аясында өткен Камару Усман – Гилберт Бернс жекпе-жегін жоғары бағалады, деп жазады Prosports.kz.

Бірақ Уайт бұл кездесуді жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Усманның мансабындағы ең үздік жекпе-жек деп санамайтынын айтты. Оның пікірінше, Камару Колби Ковингтонмен кездесуде бұдан да жақсы өнер көрсеткен.

Дана Уайт аталған жекпе-жекті промоушен тарихындағы ең үздік кездесудің бірі деп санайды.

Айта кетейік, 14 ақпан күні таңертең Усман Гилберт Бернсті жеңіп, чемпиондық атаған үшінші рет сәтті қорғады.