Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем кубогі кезеңі кейінге шегерілді, деп хабарлады Olympic.kz.

Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесіне сәйкес аталған турнир 10-13 наурыз күндері өтуі тиіс еді.

Катарда өтеді деп жоспарланған әлем кубогінің кезеңі Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі болып саналады. Жарыстың қашан өтетіні қазірге белгісіз. Белгісіз мерзімге шегерілген жарыстың нақты уақыты алдағы уақытта хабарланатын болады.