Дмитрий Попко халықаралық турнирді сәтті бастады

Дәл қазір Италияда халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық спортшы оның аясында америкалық Себастьян Кордамен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп 6:4, 6:3. Енді ол ширек финал жолдамасына таласады.