Жастар арасындағы аламанға қазақстандық спортшылар да қатысқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірақ жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Аралас эстафетада ұлттық құрама 15-орынға табан тіреді. Жерлестеріміз жеңімпаз атанған Норвегия құрамасынан 4 минут 50 секундқа қалып қойды. 15 шақырымдық классикалық жарыста Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Айша Рақышева тіркеді. Ол 28-орынға табан тіреген. Елизавета Толмачева 53-ші, Мария Геращенко 57-орындарда. Ерлер арасында 30 шақырымдық сында қазақстандық Темірлан Рамаш 53-нәтижені көрсетті. Темірлан Төлегенов 60-ші, Рамиль Шамсутдинов 62-ші, Ілияс Исабек 71-ші сатыдан көрінді.