Қазақстандық Зарина Дияс Мельбурнда WTA Phillip Island Trophy турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 9-ракеткасы, 2019 жылғы АҚШ чемпионатының жеңімпазы, канадалық Бьянка Андреескумен кездесті. Бірінші партия 6:1 есебімен канадалық спортшының пайдасына шешілді, деп хабарлады prosports.kz.
Осыдан кейін Зарина Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты. Б.Андрееску жартылай финалға шығу үшін румыниялық Ирина Бегумен таласады.