Петропавлда әйелдер арасындағы волейболдан ел чемпионаты өтіп жатыр

Петропавлда әйелдер арасындағы волейболдан ел чемпионаты өтіп жатыр

Петропавлда волейболдан әйелдер арасында Қазақстанның жиырма тоғызыншы чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық лиганың соңғы 4-турында сегіз команда сайыс көркін қыздырады.

Жарыс төрт күн бұрын басталды. Оның қорытындысы бойынша бірінші орынға Өскеменнің «Алтайы» мен Талдықорғанның «Жетісуы» таласады. Үздік үштіктен жергілікті «Қуаныш» пен «Алматы» командасы үмітті. Қарсыластар өзара кім мықтыны анықтайды. Ал плей-офф ойындары наурызда өтеді. Биылғы ел біріншілігі Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Жақып Биданов, Жарыстың Бас төрешісі:

- Бұл жерде енді алып қарасақ, үш жас команда ойнап жатыр. Мына алаңда тұрған «Алтай-2» деген команда, «Иртыш - Павлодар» және Астана «Ару Астана». Сол үш команда жастар ойнап жатыр. Сол жастардың ішінен іріктеп шығатын қыздар бар шығар енді. Қарап отыр, тренерлер қазір. Азия чемпионатына «Қазақстан» құрамасына шақыру үшін.