Чемпиондар лигасы: Плей-офф кезеңі басталды

Бүгін түнде UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңіндегі екі матч өтті, деп хабарлады Prosports.kz.

«Барселона» өз алаңында франциялық ПСЖ-ны қабылдап, 1:4 есебімен ұтылды. Париждіктер сапынан Киллиан Мбаппе хет-трик авторы атанды. Тағы бір голды Мойзе Кен өз атына жазды. «Барселонадан» жалғыз допты Лионель Месси қарсылас қақпасына пенальтиден соқты. 

Будапештте неміс командасы «Лейпциг» пен Англия чемпионы «Ливерпуль» кездесті. Ағылшындар екінші таймның басында Мохамед Салах және Садио Маненің арқасында екі гол соғып, сенімді жеңіске жетті. 

Қарымта ойындар 10 наурызда өтеді.