419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин маусым айында жұдырықтасады

  • 124
  • UPD: 11:04, 17.02.2021
Головкин маусым айында жұдырықтасады фото: championat.com

Головкин маусым айында шаршы алаңға шығады.

Бұл жөнінде оның промоутері Том Лефлер мәлімдеді. Бірақ нақты қай күні және нақты кіммен жұдырықтасатыны белгісіз. Қазақстандық боксшының командасы қарсыластардың тізімін құрып, қазір келіссөздер жүргізе бастаған. Оның ішінде Альвареспен үшінші кездесу де болып қалуы мүмкін.

«Ол үшін Головкин екінші орта салмаққа ауысуға дайын», - деді промоутері. Бұған қоса, мексикалық Хайме Мунгией және жапониялық Рета Муратамен де кездесуге қызығушылық барын айтып қалды.

Еске сала кетейік, отандасымыз ең соңғы рет былтыр желтоқан айында жұдырықтасты. Америка төрінде Камил Шереметаны ұтып, 21-ші мәрте әлем чемпионы атағын қорғады. Бұл жағдай өзіндік реторд ретінде тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы