Биатлоннан әлем чемпионаты: ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды

Поклюкада биатлоннан әлем чемпионаты аясында ерлер арасындағы жекелей сындар аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстан құрама сапынан жарыс жолына үш биатлоншы шықты. Александр Мухин мәреге 69-шы болып, командаластарының ішінде ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Данил Белецкий 81-орынға жайғасса, Сергей Сирик 85-орыннан көрінді.

Жарыс нәтижесі бойынша Струла Хольм Лагрейд жарыс жеңімпазы атанды. Арнд Пайффер екінші, ал норвегиялық Йоханнес Дале үздік үштікті қорытындылады.