Бокстан Қазақстан құрамасы жаттығу жиынына кірісті

Қазақстандық боксшылар Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлады Olympic.kz.

Алматы облысында орналасқан «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында боксшылар жаттығу жиынын бастады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жаттығу жиынына барлығы 30 спортшы қатысуға шақырту алған.

Аталған жиын екі кезеңнен тұрады. Былғары қолғап шеберлері 28 ақпанға дейін шеберліктерін шыңдайтын болады.