Дзюдошы Е.Жұмақанов Grand Slam додасының үшінші кезеңіне шықты

Қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақанов Израильдегі Grand Slam додасының үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

66 келіде белдесетін Елдос турнирді екінші айналымнан бастап, татами иесі Эйлон Баршешетті «иппон» ұпайымен ұтты.

Жұмақановтың ендігі қарсыласы өзбекстандық Мухриддин Тилов. Осы салмақта сынға түскен Данияр Шамшаев француз балуанынан ұтылып, жарысты аяқтады.