419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы нешінші орында

  • 102
  • UPD: 17:50, 18.02.2021
ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы нешінші орында

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазды Prosports.kz.

2021 жылғы алғашқы рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 122-орынға (1142 ұпай) жайғасып, өз орнын сақтап қалды.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1780 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Франция (1755 ұпай) мен Бразилия (1743 ұпай) жайғасқан.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы ойындарын қараша айында өткізді. Алдымен 11 қазанда Черногориямен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең тарқасты. Ал Ұлттар лигасы аясында 15 қарашада Албаниядан сырт алаңда 3:1 есебімен жеңілді. 3 күннен кейін Алматыда Литваға тағы есе жіберді. Есеп – 1:2. 

ФИФА рейтингісі, 18 ақпан:

1 (1). Бельгия – 1780;
2 (2). Франция – 1755;
3 (3). Бразилия – 1743;
4 (4). Англия – 1670;
5 (5). Португалия – 1662;
6 (6). Испания – 1645;
7 (7). Аргентина – 1642;
8 (8). Уругвай – 1639;
9 (9). Мексика – 1632;
10 (10). Италия – 1625;

  1. Қазақстан – 1142.
Хабар 24 телеарнасы