Токио-2020: Жанжалдан кейін ұйымдастыру комитетінің басшысы ауысты

Гендерлік кемсітушілікке қатысты жанжалдан кейін Токио Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің басшысы болып әйел сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұған дейін Олимпиада істері жөніндегі министр болып жұмыс істеген. Айта кеткен жөн, бұған дейін комитеттің экс-басшысы: «әйелдер көп сөйлейді, сол себепті ұйым қызметкерлерінің арасында нәзік жандылардың аз болғаны дұрыс» деген пікір айтқан. Бұл мәлімдеме қоғамда дау тудырып, шенеунік отставкаға кетті.

Сэйко Хасимото, Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің жаңадан сайланған басшысы:

- Маған Олимпиада істері жөніндегі министр қызметінен кету оңай болмады. Алайда қазір бар күш-жігерімізді Токиодағы дүбірлі доданың ең жоғары деңгейде өтуіне жұмсауымыз керек. Шараның басталуына 5 ай ғана қалды. Токиодағы Олимпиада ойындарының қауіпсіз өтетініне тек жапондықтар ғана емес, бүкіл әлем жұрты көз жеткізетін болады.