Олимпиадалық даярлау орталықтары бірікті

Еліміздің спорт саласында тағы да үлкен өзгеріс орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

4 бірдей олимпиадалық даярлау орталығы қосылып, бір мекеме ретінде қайта құрылды. Ресми атауы – Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығы. Енді бұнда велоспорт, садақ ату, ескек есу және жекпе-жек түрлері бойынша болашақ чемпиондарды дайындайды. Қазірдің өзінде орталық қарамағында 800-ге жуық спортшы бар. Басты мақсат – олардың шеберлігін шыңдап, алдағы әлемдік аламандарда жоғары нәтижеге қол жеткізу. Отандық спорттың дамуына тың серпін әкелу дейді мекеме басшысы Мұратбек Қыпшақбаев.

Мұратбек Қыпшақбаев, «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы директорының м.а:

- Бұл жердегі басты мақсат – спорт ғимараттарын тиімді пайдалану. Кезінде осы жерде санаулы спорт түрлері бойынша жаттығулар өтетін. Енді біздің орталыққа қарасты 17 спорт түрі кезегімен ОҚЖ өткізеді. Әр шаршы метрін тиімді пайдалансақ деген мақсат бар.