«Барыс» турнир тізіміндегі жағдайын жақсартты

«Барыс» кезекті кездесуінде жеңіске жетіп, турнир тізіміндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордалық клуб құрлықтық лига аясында «Автомобилист» командасымен жолыққан. Матч елордада өтті және 2:1 есебмен аяқталды. Алғашқы голды алаң иелері сапындағы Роман Старченко соқты. 43-минутта қонақтар есепті теңестірген. Бірақ артынша «Барыс» капитаны Даррен Диц мергендігімен көзге түсті. Соның арқасында қазақстандық клуб Шығыс Конференциясының 8-сатысынан 6-сатысына көтерілді. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер енді 21 ақпанда «Сібір» хоккей клубымен кездеседі.

Айта кетейік, негізгі чемпионаттың аяқталуына 4 матч қалды. Одан кейін плей-офф басталады.