414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ең үздік дзюдошылар елордаға жиналды

  • 104
  • UPD: 11:53, 19.02.2021

Мұнда екі аптадан бері жастар құрамасы жаттығып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азамат Мұқанов баптайтын жігіттер ақпанның соңында Чехиядағы халықаралық жарысқа қатысуы керек еді. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты оның уақыты өзгерді. Енді бұл жігіттер Азияның ашық кубогына дайындалып жатыр. Байрақты бәсеке наурыздың ортасында Ақтау қаласында өтеді. Жастардың бабы жаман емес. Бірте-бірте қалыпқа келіп жатыр дейді аға жаттықтырушы. Шеберліктерін одан сайын шыңдай түсу үшін ересектер жарысына да қатыстырып тұрады. Ал биылғы жылдың басы бәсекесі жастар арасындағы әлем чемпионаты күзде Италияда болады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы