Футзалдан ЕЧ іріктеу турнирі аясында Қазақстан-Беларусь кездесуі елордада өтеді

2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында футзалдан Қазақстан мен Беларусь құрамалары Нұр-Сұлтанда кездеседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді. 

Қазақстан мен Беларусь құрамасы наурыз айында екі рет кездеседі.

Атап айтқанда, алғашқы ойынды 2 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт кешені қабылдайды. Минск қаласында өтетін екінші кездесу 8 наурызға жоспарланған.

Айта кетерлігі, бас бапкер Рикарду Кака жаттықтыратын Қазақстан құраманың оқу-жаттығу жиыны 25 ақпанда басталады.