Қанат Ислам Эквадор боксшысын жеңді

Тәжірибелі қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегінде Майамиде (Флорида, АҚШ) 27 жастағы эквадорлық Джейсон Миндамен (14-2-1, 8 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Алғашқы секундтан бастап 36 жастағы қазақстандық басымдық танытты. Төртінші раундта Қанат Ислам эквадорлықты бірінші рет нокдаунға жіберді. Раунд өткен сайын Қанат қарсыласын тығырыққа тіреді. Жетінші раундта Минданың кезекті нокдаунынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, жерлесіміздің жеңісін тіркеді. 

Осылайша Қанат Ислам 28 жекпе-жегінде 28-рет жеңіске жетті. Оның 22-сінде қарсыластарын нокаутқа жіберді.