Қазақстандық үш теннисші елордада өтетін челленджер турнирге шақырту алды

Елордада өтетін «Forte Challenger 100» турнирінің негізгі додасына қазақстандық үш теннисші арнайы шақырту алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұйымдастырушылар Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Достанбек Ташболатовқа осындай мүмкіндік берді.

Жиырма жастағы Д.Ташболатов Team Kazakhstan академиясының түлегі. 2017 жылдың аяғында ол 18 жасқа дейінгілер арасындағы ресми емес әлем чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Достанбек Orange Bowl турнирінің финалына дейін жетіп, Australian Open жасөспірімдер турнирінің негізгі додасына жолдама алды. Алайда жарақаты Австралияда өнер көрсетуіне мүмкіндік берген жоқ.