Елордадағы триатлон жарысынан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады

Елордада қысқы триатлоннан қайырымдылық жарыс өтті. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған шараның барлық тіркеу жарналары «Тең мүмкіндіктер әлемі» қайырымдылық қорына, «Саламатты болашақ» және «Спорт баршаға! Шексіз Спорт!» әлеуметтік жобаларын қолдауға аударылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған сайысқа қатысушылар 2 шақырымдық супер-принт жүгіріп, 3 шақырымға велосипедпен жарысты. Ал мәре сызығына дейінгі 2,5 шақырым қашықтықты шаңғымен жүріп өтті. Жеңімпаздарды 23-25 ақпанда қалалық триатлон федерациясы марапаттайды.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Әрине Президент тапсырмасымен бұқаралық спортқа көңіл бөлінуі керек. Сондықтан осындай шаралар ұйымдастырылады. Мен баршаңызды осындай спорттық шараларға, спортқа шақырамын. Бұл әрине өте пайдалы. Себебі таза ауада жүгіреді. Велошеру бар, шаңғы тебеді.