«Астана» - БАТЭ матчы өтпейтін болды

«Астана» - БАТЭ матчы өтпейтін болды

21 ақпанға жоспарланған беларусьтік БАТЭ мен қазақстандық «Астана» арасындағы жолдастық кездесу өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz. 

Беларусьтік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, БАТЭ бүгін «Астанамен» емес, ресейлік «Текстильщик» командасымен кездеседі. Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталды. 

Айта кетейік, 21 ақпан күні кешке елордалық клуб Түркияда тағы бір Беларусь командасы «Рухпен» кездеседі. Матч 20:00-ге жоспарланған.