Футболдан ұлттық құраманың бапкерлері жаңа жүйені іске қосты

Бір кезде Сәрсенбек Келжанов ұйытқы болған, Владимир Мостовой, Павел Черепановтар жұмылған бастаманы қайта жандандыруды жөн көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір қазақстандық футбол командалары Түркияның Анталья қаласында жаттығып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдалануды көздеген ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов ғылыми-зерттеу тобының мамандарын іске тартты. Олар өз кезегінде отандық футболшылардың дене күші мүмкіндіктерін тексеретін тест алып, және арнайы қондырғылар арқылы ойыншылардың қазіргі бабын анықтады. Деректер арнайы базаға тіркелді. Алдағы уақытта құрамаға шақырылатын ойыншылар туралы ақпарат осы орталықтан сарапталады. Мұндай тексеру және осы үлгідегі тесттер кезекті оқу-жаттығу жиындарында да алынып, зерттеледі.